МТРА жаңалықтары

Петропавлда балаларға арналған ойын алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде

Ульяна Овчинникова:


– Маған бұл жерде әткеншек теуіп, төбешіктен сырғанап және құмда ойнаған ұнайды. Мұнда өте көңілді әрі қызықты.

Ал, Уәлиханов көшесіндегі 3-ші тұрғын үйдің алдында балаларға арналған ойын алаңқайы мүлдем болмапты. Жуырда кең аулада түрлі-түсті әткеншектер, төбешіктер мен сатылар орнатылды. Енді міне, ойын алаңы үй ауласына ерекше сән беріп тұр.

Алма Әбілмәжінова – 56-шы ПИК басқарма мүшесі:

– 20 жылдан астам уақыт бойы бұл жерді қалың шөп басып жататын. Мұнда тіпті, балалардың ойнауына мүмкіндік болмайтын. Енді, міне, жаңа алаңқай пайдалануға берілді. Қуанышымызда шек жоқ.

Аталған ойын нысандарының барлығын теріскейлік «Стронг сервис» серіктестігі жасап шығарып, оларды орнатқан. Жалпы биыл облыс орталығында осындай 45 алаңқай пайдаланылуға берілген.

Дархан Айтбаев – Петропавл қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы:

 


– Бүгінде біздің бөлімге балалар алаңқайларын салу байланысты 200-ге жуық өтініш түсті. Әрқайсысын өтініштің келіп түскендегі кезегі бойынша орнатамыз.

Петропавлда жыл соңына дейін әлі 20-ға жуық ойын алаңын тұрғызу жоспарда бар. Жалпы бұл мақсатқа биыл қалалық бюджеттен 44 млн теңге қаражат бөлінген екен.

Тогжан Акмагамбетова