Мәселен, 2-ші курстан бастап студенттік өзін-өзі басқару жобасы жұмыс жасайды. Әр мамандық бойынша оқытылатын пәндердің 30-35 пайызы негізгі болып саналады. Бұл қатарға жатпайтын өзге пәндерді білім алушы өзі таңдай алады. Тек бұл ғана емес, оларға өз таңдаулары түскен оқытушы ғана сабақ беретін болады. Сондай-ақ, университетте шетелдік ЖОО-мен арадағы академиялық мобильдік бағдарламасы да қарқынды жүзеге асырылмақ. Бұл үшін студент үш тілді жақсы білуі керек.
Серік Өмірбаев, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ректорының міндетін атқарушы:
– Студенттер бір семетрге шетелдегі ЖОО-на барып білім ала алады. Осылайша 2 дипломға қол жеткізеді.
ЖОО-да енгізілген тағы бір жаңашылдық – “Журналистика кафедрасының” ашылуы. 15 жыл бойы өңірді тілшілермен қамтамасыз етіп отырған бұл мамандық бұрын Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының құрамында болды.
Зарқын Тайшыбай, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:
– Бүгін айтулы күн. Журнлаоистика мамандығы бөлініп, өз алдына отау құрып жатыр.
Сондай-ақ, биыл “Серпін-2050” бағдарламасы бойынша университетке оңтүстік өңірлерден 214 студент келіп түсті. Олар бірінші кезекті жатақханамен қамтылды. Айту керек, биыл студенттер санының артуына байланысты оқытушылар құрамы да толықтырылуда.
Акбопе Танирберген