Ауыл шаруашылығы

Биыл “Пасека-Қызылжар” ЖШС-гі 8 тонна бал жинады

Олег Гаврилов – “Пасека -Қызылжар” ЖШС директоры:

– Биыл өзім аралардың 100-ден астам жанұясын алдым. 1 жанұя 80 келі бал жинады. Жәндіктер жаз бойы 6 түрлі өсімдікті тозаңдандырды. Жалпы осы жылы 8 тонна өнім алынды. Оны алдағы уақытта Шымкент, Астана қалалары мен
көршілес Түмен облысының тұрғындарына өткіземіз. Келісі 1300 тг-ден болады. Бағасы былтырғыдан 200 теңгеге қымбаттады.

Қазір мамандар жұмысшы араларын қант шәрбатымен азықтандыруда. Ала жаздай алқаптарда еңбектенген украиналық карпат және аустралиялық карника тұқымдасына жататын жәндіктер қазан айының басында ОҚО-на жөнелтілмек.

Олег Гаврилов – “Пасека -Қызылжар” ЖШС директоры:

– Оңтүстіктің ауа райы аралардың қыстап шығуына ыңғайлы. Келесі көктемде оларды екі есе көбейтіп, 250-ге жеткізем. Себебі, бал өнімі бойынша сұраныс толығымен қанағаттандырылмай жатыр.

Қазіргі таңда облысымызда ара шаруашылығымен 200-ге жуық адам айналысады. Қазан айында Алматыда халықаралық омарташылар слеті өтпек. Сол жиында отандастарымыз қытайлықтармен екіжақты әріптестікті талқылап, аспанасты еліне бал жеткізіп тұру жөнінде келісім шарт жасаспақшы екен. Бұл аймақтардағы омарташылардың ісін кеңейтуге түрткі болары сөзсіз.

Берік Қасен