Аптадағы маңызды жаңалықтар

Заңсыз такси қызметімен айналысқандар айыппұл төлейді

Оның әрқайсысында такси көлігінің рөлінде отырған 15 адамды тоқтатқан. Шара барысында темір тұлпар тізгіндегіндердің тек 10 пайызында ғана жолаушы тасымалдауға рұқсат құжаттары болған. Сорақысы сол, оның арасында жүргізуші куәлігінен айырылғандары да кездескен.

Наиль Абраев, «Жолаушыларды тасымалдаушылар одағы» ҚБ төрағасының орынбасары:

– Біздің одақтың бірінші міндеті – жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оларды барлық құжаттары сай, кәсіби жүргізушілер тасымалдауы тиіс. Мысалы, жақында біздің такси көлігіне Камаз келіп сақтығысып қалды. Нәтижесінде жолаушы зардап шекті. Бірақ, жүргізушіде сақтандыру құжаты болды. Сондықтан, шығынды сақтандыру компаниясы өтеді. Құжаттардың заңға сәйкес болуы, бірінші кезекте такси жүргізушінің өзі үшін тиімді.

Бос уақытында адам тасымалдап ақша табатын қарапайым азаматтарды былай қойғанда, такси парктерінің өзінде де кемшін тұстар жетерлік тұр дейді жиылғандар. Бүгінде Петропавл қаласында 6 такси паркі бар. Олар диспетчерлік қызметі үшін әр көліктен тәулігіне 600 теңгеден алады. Сол себепті де, адамды таңдап жатпай, өзара келісіп жұмыс жасай береді. Жүргізушімен бетпе-бет кездеспейді, құжаттарын да талап етпейді. Тек көлігі болса жеткілікті.

Амир Баязитов, «Жолаушыларды тасымалдаушылар одағы» ҚБ төрағасы:

– Заңсыз такси қызметімен айналысып жүргендер – өздерін таксист емеспін деп жалтарып жатады. Ал, такси паркінің басшылығы олардың тиісті құжатының жоқ екенін біле тұра мән бермейді. Алдағы күнде тек біздің одақтың нөмірленген арнайы стикерлері жабыстырылған такси көлігіне қорықпай отыра беруге болады. Себебі, олар біздің тексерісімізден өткен, барлық құжаттары сай деген сөз.

Жиынға қатысушылар аталған мәселенің бір жақты болуын қалайды. Бизнес түріне жататын такси қызметі тек заң жүзінде іске асырылып, бастысы жолушылар үшін қауіпсіз болса дейді. Бірақ, такси жүргізушілері адам тасымалдауға рұқсат құжаттарын рәсімдеуге асығар емес.

Жібек Клюкова – Петропавл қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы:

– Жеке кәсіпкерлік ашып, барлық құжаттарын рәсімдеу айтарлықтай қымбат емес. Мәселен, жүргізуші өзінің бір айда адам тасымалдап табатын табысын 100 мың теңге деп көрсетсе, ай сайын зейнетақы қорына оның 10 пайызы алынып отырады. Ал екі пайызы әлеуметтік және жеке табыс салығына алынады. Яғни, аталған сомадан 4-5 мың теңге. Бұл айыппұл төлегеннен едәуір арзан емес пе?

Ендігі рейдтерде ешқандай да ескерту жасалмайды. Бүгіннен бастап, заңсыз, яғни жолаушы тасымалдауға тиісті қағазы жоқ такси жүргізушілері айыппұлдан қашып құтылмайды. Ал оның мөлшері 5 және 15 АЕК көлемінде.

 

Акбопе Танирберген