Спорт

Теріскейлік спортшылар Тайландта тай боксынан өткен әлем чемпионатынан олжалы оралды

Руслан Заякин – муайтайдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Бірінші Швецияның спортшысымен тартысып, оны айқын басымдықпен жеңдім. Ал, содан соң марокколық муайтайшымен шаршы алаңға шықтым. Бірінші раундта 10-9 есебім жеңіліп қалдым, қалған 2 кезеңде өзімді қолға алып, оны ұттым. Ал, соңында тайландтықпен бақ сынап, оған есе жіберіп алдым.

Бангкоко қаласында өткен әлем чемпионатына 13 жасар Шамиль Ермагамбетов те қатысты. Солтүстікқазақстандық 32 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңда Африка және Өзбек жерінен келген муайтайшылармен тартысқан. Сөйтіп, біреуіне есе жіберіп алып, жеңіс тұғырының 2-ші сатысынан көрінді.

Шамиль Ермагамбетов – муайтайдан спорт шебері:

– Менің тай боксымен айналысып жүргеніме екі жыл ғана болды. Жеткен жетістіктерім аз емес. Әлі де өзімді шыңдаймын. Болашақта әлем чемпионы болуға тырысамын.

Барлығы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасынан 17 спортшы қатысып, 13-і алтын, 1-еуі күміс және 2-уі қола медальмен елге оралды. Айту керек, дүбірлі додаға 50 мемлекеттің спортшылары қатысқан болатын.

 

Тогжан Акмагамбетова