МТРА жаңалықтары

Петропавлда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша рейд өтті

Вера Щеголева:

– От тұтатқан кезде барлық ержелерді сақтаймын. Үлкен мөлшерде су дайындап қоямын. Сондай-ақ, кепкен шөпті аз-аздап күйдіремін әрі от жалындап кетпесін деп жанында бақылап тұрамын.

Михаил Тященко:

– Осы жерде арнайы темір бөшке бар. Сонда керексіз заттарды күйдіремін. Жақында кішігірім үйімді салып бітіремін. Оны да қауіпсіздік ережелеріне сай етіп тұрғызудамын.

Осындай қарапайым өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамаған жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады екен. Яғни, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Жыл басынан бері тиісті ережені ескермеген 3 адам айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

Владимир Хутинаев – Петропавл қаласы ТЖБ аға инженері:

– Рейд шараларын апта сайын өткізудеміз. Саяжайларды тамыздан бастап аралап жүрміз. Осы учаскелердегі түсіндіру шараларын қазан айына дейін жалғастырамыз.

Жалпы биыл облыс орталығында 145 өрт оқиғасы тіркелген. Одан келген материалдық шығын көлемі 59 млн теңгені құрап отыр.

Тогжан Акмагамбетова