МТРА жаңалықтары

Өңірде “Астық-2016” жедел-алдын алу шарасы өтуде

Сағындық Жантеміров – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:

– Облыста “Астық-2016” жедел-алдын алу шарасы тамыз айының 29-ы күні басталды. Шараның басты мақсаты – орақ науқаны кезінде астық пен жанар-жағармайды және ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін ұрлау фактілерін анықтау және оларды болдырмау.

Аталған жедел-алдын алу шарасы аясында обылс аумағында 6 астық ұрлау фактісі тіркелген. Солардың бірі Есіл ауданындағы шаруашылықтардың бірінде болған. Серіктестіктің қоймасынан 300 келі арпа жымқырылған екен. Тағы, облыста соңғы 10 күнде жанар-жағармайдың – 3 және гербицид ұрлаудың 1 оқиғасы орын алды. Полицейлер бөтеннің мүлкі қолды болмау үшін тәртіпті күндіз-түні қадағалауда.

Сағындық Жантеміров – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:

– Қазір өңірдің әр ауданында мобильдік топ қызмет атқаруда. Олар астық тасымалымен айналысатын жүргізушілердің жолдама хаттарын тексереді. Тағы тәртіп сақшылары ауылшаруашылық құрылымдардың мамандарына күзгі өнімнің ұры-қары қолында кетпеуі үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы, өңірде “Астық-2016” жедел-алдын алу шарасы орақ науқаны аяқталғанша дейін өтеді.

Култанов Байболат