Спорт

Әл-Фараби мектеп лицейінде ата-аналар мен балалар арасында шахматтан жарыс өтті

Адина Айдарбекова – әл-Фараби мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы:

– Мені шахмат ойнауға үйреткен әжем. Ол мені 9 жастан бастап, қалай ойнау және қандай жүрістерді әдейі жүру керектігін үйретті. Осында біз әжем, інім және мен бір командада ойнаймыз. Біз осында жеңіске жету үшін келдік.

Турнирға тағы Адинаның әжесі Алтыншаш Баекина да қатысуда. Оның қарсыласы -өңірімізге танымал спортшы Салтанат Мұқанов. Ақ жаулықты ана бүгінде шахмат ойынындағы білген-түйгенін балалары мен немерелеріне үйретуде.

Алтыншаш Баекина – ата-ана:

– Балаларға үйде аздап шахмат ойнауды үйреттім. Бұлар барлығы ойынды жақсы біледі.

Бұл турнирде Салтанат Мұқанов 12 қарсыласпен бірдей шахмат ойнады. Білікті спортшының айтуынша интеллектуалдық спорт түрінің балаларға тигізер пайдасы зор.

Салтанат Мұқанов – шахматтан спорт шебері;

– Шахмат ойыны мектеп оқушылары үшін өте пайдалы. Ол стратегиялық тұрғыдан ойлау қабілетіне, жағдайды алдын ала біліп отыруға үйретеді. Бұл ойын ақыл-ойды дамытуға да септеседі.

Сайыс соңында турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамота, медаль және кубокпен марапатталады.

 

Тогжан Акмагамбетова