Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі 8 айды қорытындылады

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

– Сонымен қатар, қоғамдық орындарда мас күйінде жасалатын қылмыстар 0,9 пайызға төмендеді. Жол қауіпсіздігі ережесін сақтауға бағытталған алдын алу жұмыстарының арқасында жол апаттары 16,9 пайызға, одан жарақат алу жағдайлары 13,3 пайызға кеміді.

Бүгінде кәмелет жасына толмаған балалардың да бұзақылығы азайып келеді. Соңғы 8 айдың ішінде 241 жасөспірім мен 207 тұрмыс жағдайы нашар отбасы есепке алыныпты. Жиын барысында Облыстық ІІД жанындағы консультативтік-кеңес органының жұмысы туралы да айтылды. Аталмыш ұйым жылына 4 рет отырыс өткізіп, ІІД-і мен жергілікті атқарушы органдарға жолдарды қалыпқа келтіру, оларды жарықтандыру, қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар ұсыныстар береді. Және аудандарда көшпелі отырыстар өткізеді.

Жасұлан Ахметов – СҚО ІІД жанындағы консультативтік-кеңес органының төрағасы:

– Жақында Уәлиханов және Ақжар аудандарында көшпелі отырыс өткіземіз. Жиында мал және мүлік ұрлығы жайында сөз қозғалады. Себебі, аталған қылмыс түрлері, әсіресе, ауылды жерлерде азаймай отыр. Бұдан басқа Ақжар ауданындағы жергілікті полиция қызметінің жұмысын саралаймыз. Тұрғындармен кездесіп, олардың полиция өкілдері жайлы пікірлерін білеміз.

Журналистер Қанат Айтбаевтан пост-терминалдар мен көлік жылдамдығын өлшегіш “Скоростемер” құрылғылар туралы сұрады. Соның арқасында тәртіп сақшыларының жұмысын айтарлықтай жеңілдеген.

Қанат Айтбаев – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

– Өңірімізде 40 пост-терминал бар. Ол тұрғындар үшін де ыңғайлы. Айыппұлды жолда тұрып төлей салуға болады. Және 17 дана “Скоростемер” құрылғысы бар.

Қылмыстарды ашуда бейнебақылау камераларының көмегі зор. Бүгінде өңірде осындай 255 құрылғы бар. Алдағы уақытта олардың саны көбейтілмекші.

 

Берік Қасен