МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҰ Әскери институында терроризм мен экстремизмнің алдын алу тақырыбында жиын өтті

Сан жылдар бойы қазақстандықтар мұндай оқиғаларды әлемнің өзге түкпірлерінде орын алып жатқанын естіп жүрді. Бірақ, биыл Ақтөбеде лаңкестер ойран салды. Мұнан кейін, елімізде дін атын жамылған террористердің жолын бөгеп, лаңкестіктің алдын алу шаралары едәуір күшейтілді.

Мухометқали Сатов, ҚР ҰҰ бас қолбасшысының орынбасары:

– Әр елде түрлі террористік жағдайлар орын алып жүр. Біздің еліміздегі оқиға да қабырғаны қайыстырды. Біз лаңкестермен қалай күресеміз. Бүгін соны талдап отырмыз.

Мамандардың айтуынша Солтүстік Қазақстанда 136 діни бірлестік бар. Оның ішінде дәстүрлі емесі жоқ. Дегенмен де түрлі алдын алу шаралары жүргізіліп тұрады. Жиынға қатысқан әскерилер экстремизмді қауіпті күш деп отыр. Әсіресе, жастар ондай әсіре діншілдердің құрығына ілініп, дұрыс жолдан арбалып қалып жатады.

Сондықтан да жас курсанттар замандастарының түрлі күдік тудыратын жандарға еріп, сауатсыздыққа бой алдырмауын тілейді. Петропавл қаласында бастау алған “Дін атын жамылған терроризм мен экстремизмнің алдын алу” атты дөңгелек үстел отырысы еліміздің өзге өңірлерінде де өткізілмек.

 

Акбопе Танирберген