МТРА жаңалықтары

“Парыз” және “Еңбек жолы” байқауларының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары марапатталды

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бүгінде іргелі кәсіпорындарда жастар мен мамандардың тәжірибе жинақтауына мол мүмкіндік қарастырылған. Қоғамда жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, еңбек өнімділігін арттыру қажет. Осы мақсатта “Парыз” байқауымен бірге Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы аясында енді “Еңбек жолы” конкурсы өтеді. Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдауға да басымдық берілуде. Өңірімізде 28 мыңға шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

Осылайша, биыл “Парыз” конкурсының өңірлік кезеңінде “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын” номинациясы бойынша орта кәсіпкерлік субъектілері арасында 1-ші орынға Тайынша ауданындағы “Степноишимская тәжірибе станциясы” мен Ғ.Мүсірепов ауданында “Ақселеу” ЖШС-гі лайық деп танылды.

Соңғы компанияға Серік Малаев жетекшілік етеді. Іскер азамат бүгінде Ковыльное селосының тұрғындарына үлкен көмек жасап келеді. Алдымен үйлеріне таза ауыз су құбырларын тартып берді. Жылда мектеп, медпункт, кітапхана сынды әлеуметтік нысандарды жөндеуге атсалысады. Бұл ауылдастарына көрсетілетін көмектің бір парасы ғана.

Серік Малаев – “Ақселеу” ЖШС директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Жұмысщылардың балаларына 30 мың ОҚО нан көшіп келгендерге көмек.

Үздіктердің қатарында құрылыс копаниясы да бар. Бүгінде “Казградстрой” ЖШС–нде 2,5 мың адам еңбек етеді. Соның 350-і – жұмысшылар. Олардың орташа айлық жалақысы 160 мың теңгенің маңайында.

Александр Авдеев – “Казградстрой” ЖШС бас директоры, Петропавл қаласы:

– 2 жарым жылдың ішінде компаниямыз Петропавл қаласына 5,5 млрд теңгенің инвестициясын құйды. Жалақы мен салықтан ешқандай қарызымыз жоқ. Соңғы екі жыл көлемінде жалпы аумағы 33 мың шаршы метр болатын баспана қолданысқа тапсырылды. Былтыр колледждердің 60 студенті құрылыс алаңдарында тәжірибеден өтіп, тиісті жалақыларын алды. Болашақта студенттер үшін құрылыс жасағын құрмақшымыз.

Салтанаты жиында “Еңбек жолы” конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары да марапатталды. Биыл осы байқауға 24 өтініш келіп түскен. Сонымен, “Үздік еңбек әулеті” номинациясында Медведевтер әулеті жеңімпаз атанды.

Сергей Медведев – “Мұнаймаш” АҚ жетекші инженер-конструкторы:

– Мен әке жолын қуып машина жасау саласында баламмен бірге еңбек етіп жүрмін. Әулетіміздің “Мұнаймаш” зауытындағы жалпы еңбек өтілі 70 жылдан асады. Қазіргі таңда кәсіпорында өндіріс қуаттылығы артып, ескі қондырғылар өнімділігі жоғарысына ауыстырылып жатыр. Менің отбасым осы байқауда жеңімпаз атанды. Қуаныштымын. Қазір немерелерім өсіп келеді. Олар да құрал-саймандармен ойнағанды ұнатады. Сонысына қарап, атасының жолын жалғастыра ма деген үмітім бар.

“Парыз” және “Еңбек жолы” конкурстарының өңірлік кезеңінде жеңіске жеткен кәсіпорындар мен бизнесмендер республикалық турына жолдама алды. Қос байқау да жыл соңында өтеді.

 

Берік Қасен