МТРА жаңалықтары

Жастар кәсіпкерлігінің дамуы

Мадина Рахметова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Осы жоба ұнады. Қатысып көргім келеді. Алдағы уақытта қатыспақпын.

Жиында негізінен 18 бен 29 жас аралығындағы жастарды кәсіпкерлікке тарту жайы айтылуда. Белсенді жастар Даму қорының өкіліне көкейдегі сұрақтарын қоюда. Ол бүгін жастарға бизнестің бастапқы сатылары бойынша біршама ақпарат берді.

Мұратбек Сердалинов, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі:

– Бізде бірнеше жоба бар. 16-29 жастағы жастарға 15 пайыздық несие беріледі.

Сондай-ақ, “Даму” қорында “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша жас кәсіпкерлер мектебінде жастарға бизнес жоспарды қалай құру керектігі түсіндіріледі. Арнайы курста бизнесті бастап, жүргізу тетіктерін үйретеді. Аталмыш жиынды жергілікті “Жас Отан” ЖҚ белсенділері ұйымдастырып отыр.

 

Акбопе Танирберген