Балалар

Петропавлда “Жастар-Отанға” атты жастар слеті өтті

Жанна Рамазанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Осындай тренингтердің пайдасы көп. Өйткені, басшылық қасиеттерге үйретеді. Басқа балалармен тіл табысуға үйретеді. Мен СҚМУ-дағы жатақханалар бойынша қараушысы боламын. Өзім көбінесе, 1-4 курстардың студенттерімен жұмыс жасаймын.

Қазіргі сәтте мұнда танысу тренингі өткізіліп, жастар түрлі психологиялық және сергіту ойындарына қатысуда. Сондай-ақ, жас азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған қызықты және қажетті мәліметтер айтылып, ұйымдастырушылық қабілетті шыңдауға арналған түрлі интерактивті семинарлар өткізілді.

Ирина Осинская – “Жастар салауатты өмір салты үшін” ЖҚБ төрайымы:

– Бүгінгі біздің шараға психологтар және бизнес тренерлер атсалысуда. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Сөйтіп, белсенді жастарды қолдайды. Жас көшбасшыларды тәрбиелейді. Осылайша, жастар бір-бірімен араласып, осындай слеттер арқылы бірігіп жұмыс жасайды.

Жалпы аталмыш слетқа 30-дан астам адам қатысты. Шара соңында оларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Тогжан Акмагамбетова