Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұрлы Жол” бағдарламасының орындалуы

Артур Молдағұлов – “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Ал, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуына 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Бұл қаржы республикалық маңыздағы жолдарды жөндеуге қатысты 4 жобаны қамтып отыр. Әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына биыл 520 млн теңге бөлінді. Ол 3 жобаның жүзеге асырылуына жұмсалды.

Бүгін жиылғандар дәл осы соңғы бағытты талқыға салуда. Әлеуметтік маңыздағы нысандардың құрылысына бөлінген қаржы толығымен дерлік игерілді. Күні кеше Тайынша ауданында 300 орынға шақталған мектеп ашылды. Нысанның құны – 932 млн теңге. Ал, Ғабит Мүсірепов ауданында іске қосылған 400 орындық мектеп-интернатын салуға 1 млрд теңдеген артық қаржы жұмсалды.

Облыс орталығында іске қосылған 320 орындық балабақшаны тұрғызуға 613 млн теңге кетіпті. Үш нысанды салу кезінде 600-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған екен. Ал ғимараттардың құрылысын «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанынан құрылған комиссия бақылап отырды.

Петропавлда бүгінде балабақша жетіспеушілігі байқалады. Кезекте тұрған балақайлардың саны 10 мыңнан асып кеткен. Бұл ретте бақылау комиссиясының мүшелері келесі жылға белгіленіп отырған жоспармен бөлісті.

Ғафура Бөстекова, “Нұр Отан” партиясының облыстық мәслихаттағы фракциясы жанындағы “Әлеуметтік инфрақұрылым дамуы” бағыты бойынша комиссия жетекшісі:

– Петропавлда екі балабақша салынады. Құжаттар республикада қарастырылып жатыр.

Айту керек, бақылау комиссиясы пайдалануға берілген жаңа нысандарды 3 жыл көлемінде тұрақты түрде тексеріп, сапа мониторингін жасайды.

Акбопе Танирберген