МТРА жаңалықтары

2 жылдың ішінде СҚО-да мақсатсыз пайдаланылып келген 115 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Оның жалпы кадастрлық құны 10 млрд теңгені құрайды. Бүгінде 500 мың гектары айналымға енгізілді. Өңір аудандарындағы тиімсіз пайдаланылып келген жерлердің 70 %-ына ресейдің “СП Транс- авто” және “Богви” сынды еншілес компаниялары иелік етіп келген болатын. Прокурорлардың айтуынша, бұл серіктестіктердің жер учаскелері өңірдің барлық ауданында бар екен. Аталған кәсіпорындардың қалған жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда.

Гүлмира Бопанова – СҚО прокуратурасы 1-шi басқармасының аға прокуроры:

– “Сондай-ақ, түрлі себептерге байланысты аграрийлер де жер салығын уақытынды төлей аламаған. Соңғы 2 жылдың ішінде диқандардан 135 млн теңге жер салығы өндіріліп алынды. Сонымен қатар, 13 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші жерлеріне дұрыс күтім жасамаған. Салдарынан топырақ қасиеті мен құнарлылығын жоғалтқан.

Берік Қасен