Білім

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі 250 студентті қабылдады

Ақбөпе Тәңірберген:

– Бүгін Петропавлдағы университет пен колледждер мамандық таңдап, арман қуып келген жастарды қабылдауда. Олар осылайша студент атанды. Орта және негізгі білім алған 15-18 жас аралығындағы қыз-жігіттер үшін қызығы мен шыжығы мол студенттік өмірдің алғашқы парағы ашылды.

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі биыл 87-ші рет студенттерді қабылдауда. 250 ұл-қыз үлкен өмірге аяқ басып отыр. Білім ошағының ұжымы білім күнін әрдайым Ағынтай-Қарасай батырлар ескерткішінің алдында қарсы алады. Себебі, жастар тәуелсіздікке батыр бабалардың арқасында жеткенімізді білуі тиіс -, дейді колледж директоры Александр Мерк.

Александр Мерк, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры:

– Баршаларыңызды білім күнімет құттықтаймын. Біз жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге тырысамыз. Колледжде 1000-ға жуық студент бар. Биыл 250 грант бөлінді. Жалпы техникалық мамандарды дайындап шығарамыз. Біздің колледждің түлектер жұмысқа орналасып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады.

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерді 14 мамандық бойынша оқытады. Махаббат Сарбай 9-шы сыныпты бітіріп, есеп және аудит мамандығына түскен. Бүгін келіп топтастарымен танысты.

Махаббат Сарбай, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті:

 

– Грантқа түстім. Бүгін келіп топтастарыммен танысып жатырмын.

Жоғарғы курс суденттері болса оқуға жаңа қабылданған жастарға концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Ақбөпе Тәңірберген