Әр түрлі

Муниципалды телеарнаға – 18 жыл

Бүгінде 18 жылдық тарихы бар арна көрермендерге танылып үлгерген.

Евгений Сазанов – МТРА директоры:


–  90-жылдардың аяғында өңір халқына жаңалық тарататын телеарна қажет болды. Сол кездегі облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен біздің ұжым құрылды. Содан бастап міне, 18 жыл бойы жұмыс істеп келеміз. Тұрғындар үшін біраз іс атқардық. Бірақ әлі тындыратын жұмыс ауқымды. Алда тағы бірнеше жобаны жарыққа шығармақмыз. Бұл, әзірге құпия болсын. Арамыздан мықты журналистер түлеп ұшты. Олар қазір әлемнің әр түкпірінде еңбек етуде.

Сонымен, эфир басталды. Студияда Ақбөпе Тәңірберген жаңалықтар жүргізуде. Ол Муниципалды телеарнада 2 жылдан бері еңбек етуде. Оның алғаш арнаға келіп, журналист мамандығынан алған әсері де есінде.

Ақбөпе Тәңірберген – МТРА тілшісі:


– Муницпалдық арнаға ең алғаш келгенімде қызу, қарбылыс жұмыс жүріп жатты. Тілшілердің бірі текс жазса, келесісі оны дыбыстаға асықт. Келесі топ съемкаға кетіп жатса, енді бірі керісінше оралып жатты. Мұны көріп таң қалдым.

Арна қызметкерлері көрермендерге тың жаңалықты көгілдір экран арқылы жеткізгенше көп тер төгеді. Тіпті, олар мұнда таңның атысын күннің батысына дейін еңбектенеді десек болады. Мұндағы түсірілім тобы өңір аумағындағы түрлі жерлерде болып, халықтан пікір жинайды. Кейін, журналистер болған оқиғаның мәтінін жазады. Мұнымен сюжет эфирге дайын емес. Оны енді монтажерлердің көмегімен бейнелеу керек. Бұл жұмыстың қыр-сыры арна тілшісі Кристина Горбаченкоға таныс. Оның Муниципалды телеарнада қызмет еткеніне бүгін тура – 5 жыл.

Кристина Горбаченко – МТРА тілшісі:


–  Жұмысым өзіме ұнайды. Біздің мамандық шындығында қызықты. Кейбір сәттерде, әрине қиындығы да болады. Әсіресе, қысты күндері даладағы қақаған аязда түсірілім жасау өте қиын. Мәселен, арна тілішілері кез келген уақытта алыс аудандарға жұмыс сапарымен шығуы мүмкін. Мұның бәріне дайын болған жөн.

Алдағы уақытта да біздің ұжым халықтың игілігі үшін қалтқысыз қызмет етеді. Назарларыңыз бізде болсын.

Байболат Құлтанов