Білім

СҚО әділет департаменті “Мектепке жол” акциясына қатысты

Бұрынғы күйеуі алиментін уақытылы төлеп тұрса да, әр балаға 20 мың теңге мектепке даярлау үшін жетпейді дейді. Бүгін акция аясында оның кіші қызы оқуға қажетті құралдармен қамтылды.

Сондай-ақ, “Мектепке жол” акциясы аясында 6 ай бойы алимент төленбеген 10 бала мен аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 балғынға мектепке керекті заттар табыс етілді.

Ольга Семигулина – ата-ана:

–  Төрт баланы жалғыз асырап отырмын. Үлкен қызым 8-ші, ал кіші қызым 3-ші сыныпқа барады. Әрине, балаларды мектепке даярлау оңай шаруа емес. Осындай акцияның болғаны біз үшін үлкен көмек.

Осы жолы Әділет департаменті қызметкерлері және сот орындаушылардың аумақтық бөлімдері филиалдарының қолдауымен барлығы 47 балаға көмек көрсетілген.

Руслан Кактай – СҚО әділет департаментінің басшысы:

– Бүгін біз “Мектепке жол” акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балғындарға, сонымен қатар жетім балаларға материалдық көмек көрсетіп отырмыз. Аталған шараға барлық аудандық әділет басқармалары, сонымен қатар сот орындаушылары аумақтық бөлімдерінің филиалдары қатысты.

Айта кету керек, “Мектепке жол” акциясына облыстық әділет департаменті жылда қатысатын көрінеді.

 

Айсулу Сергали