МТРА жаңалықтары

Қыркүйектің 1-іне дейін қаладағы 600 үйдің құбырлары жуылып-шайылу керек

Аталмыш компаниядағы 20 адам ауланы сыпырып, сантехникалық жұмыстарды атқарып қана қоймай, сонымен қатар үйді жылыту маусымына дайындайды. Ол үшін серіктестіктегілер ауа сығымдағыш та сатып алыпты.

Салиха Алкешева -“Тұрғын үй қызметі” ЖШС бақылаушысы:


– 21 көпқабатты үйдің барлығы жылыту маусымына даяр. Біз жылыту жүйелерін жуып-шайып, қысқа әзірлік жөніндегі құжатты алдық. Қызметімізді пайдаланушылар бізге толықтай сенеді.

Көпқабатты баспана – баршаға ортақ мүлік болып саналады. Сондықтан, оның күтімі мен маусымдық жұмыстарға ақшаны керегінше жаратқан дұрыс дейді мамандар.

Салиха Алкешева – “Тұрғын үй қызметі” ЖШС бақылаушысы:

– Кей кезде жылыту жүйесінде ақаулар орын алып тұрады. Оны болдырмау үшін жылыту маусымына ертерек қамданып, кем-кетіктерді түзейміз.

Құбырларды жуып-шаю қызметін қоса алғанда “Тұрғын үй қызметі” серіктестігі қарамағындағы үйлердің иелерінен әр шаршы метр үшін 27 теңгеден алады.
Бүгінде 21 үйдің барлығына автоматтандырылған жылу есептегіш құрылғысы орнатылған. Бұл қызмет көрсетуші фирманың жұмысын жеңілдетіп отыр.

– Контролер приходит снимает показания. Нажимает. Вот обратка, видно какая на входе, какая на выходе.

Ыбыраев көшесіндегі 13-ші үй қысқа дайындық құжатын тамыздың 8-і алған екен. Жалпы осы күнге дейін қала бойынша 225 баспана дайындық құжатын алып үлгерді.

Анатолий Мишин, Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:

– Жоспар бойынша қыркүйектің 1-іне дейін 600 үйдегі құбырлар жуылып-шайылу керек. Бүгінде оның 550-і дайын. Қазір 25 үй осы жұмыстарға өтініш беріп жатыр. Сонымен қатар, жылу есептегіш құрылғыларын орнату жағынан да ілгерілеушілік бар.

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар нысандарда да қыс мезгіліне әзірлік жүріп жатыр. Петропавл қаласы әкімі кеңесшісінің айтуынша, ондағы жұмыстар жылыту маусымы басталғанша тындырылады.

Берік Қасен