МТРА жаңалықтары

“СҚ ЭТК” АҚ биыл 1 млрд 35 млн теңгеге 13 ірі жобаны іске асырмақ

Самат Курумбаев – “СҚ ЭТК” АҚ қалалық электр желілері басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Мұнда оқшауланбаған сымдар СИП сымдарына ауыстырылды. Оның жалпы ұзындығы 4 шақырымды құрайды. Мұнда тоқты пайдаланушылардың көбі, ол: тұрғын үйлер, мектеп және азық-түлік дүкендері. СИП сымының артықшылығы, ол – оқшауланған. Яғни, бұдан апаттық жағдайлар төмен болады. Бұрындары қатты дауылда ағаштар сынып сымға құлағанда қысқа тұйықталу орын алып, жарық өшіп қалатын. Ал СИП сымының арқасында ондай жәйттер орын алмайды.

Баспасөз турына қатысушылардың келесі аялдаған жері, ол – Бескөл ауылындағы қосалқы станция болды. Бұл маңнан күніне 110 мың Вольт тоқ көзі өтеді. Оны трансформаторлар 35 және 10 кВольтқа бөліп, діттеген жерлерге таратады. Жуырда мұнда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қондырғылар жаңасына ауыстырылған. Бұған компания инвестициялық бағдарлама аясында 150-160 млн теңге қаражат жұмсапты.

Виталий Фесько – “СҚ ЭТК” АҚ бас инженері:

– Негізгі тұтынушылар – Бескөл аулының тұрғындары, «Қызылжар су» ЖШС, сонымен қатар, Петропавл халықаралық әуежайы. Мұнда май ажыратқыштар вакуумдыққа ауыстырылды. Бұл электрмен жабдықтауды арттырып отыр. Сонымен қатар, станцияға жалғанған сымдарды СИП-3-ке ауыстырдық.

Бүгінде “Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату компаниясы” АҚ желілерінің 72 пайызы тозған. Оны кәсіпорын алдағы уақытта инвестициялық бағдарлама аясында жөндемек. 2016-шы жылы басталған бұл жоба 5 жылға шақталған. Биыл компания 1 млрд 35 млн теңгеге 13 ірі жобаны іске асырмақ.

 

Риат Шони