Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК ақтаулық “Каспий” командасына есе жіберіп алды

Дегенмен, жерлестеріміз қанша шабуылға қарқын қосқанымен жолдары болар емес. Ал, бірінші тайм ортаң белінен асқанда кездесудегі басымдық, тіпті ақтаулық аяқ допшыларға ауысты. Олар
қызылжарлықтардың алаңына жиі еніп теріскей жігіттерін әбігерге салды. Тіпті, матчтың 40-шы минутында батысқазақстандық футболшы Бекзат Қабыланның соққысынан ұшқан допқа қақпашы Тимурбек Закиров тосқауыл бола алмай гол жіберіп алды.

Осымен бірінші тайм қонақтардың пайдасына шешілді.

– Ойын жақсы өтіп жатыр. Енді келесі таймда біздің жігіттер барларын салып жеңіске жетеді ойлаймын.

– Бүгін “Қызыл-Жар СҚ” ФК жанкүйер болу үшін алғаш рет келіп отырм. Ойында біздің командамыз 3-те 1 есебімен жеңіске жетеді.

Ал келесі 45 минуттық нөсер жаңбырдың астында өтті. Стадионға жиналған жанкүйерлер шелектеп құйған жауынның астында тұрса да сүйікті командасына қолдау көрсетті. Дегенмен, қызылжарлықтар қанша шабуылдағанымен жеңісті қарсыластардың қолынан жұлып ала алмады. Сонымен 90 минуттықтың қорытындысы бойынша есеп 0-де 1. Жеңіс – “Каспий” құрамасының еншісінде.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СҚ” ФК жартылай қорғаушысы:

– Жазғы демалыстан соң әлі де өз-өзімізге келе алар емеспіз. Бірінші таймда бірнеше 100 пайыздық гол соғатын сәттер болған. Бірақ, жолымыз болмады. Бүгінде біз турнирлік кестеде 36 ұпаймен 2-ші орында тұрмыз. Енді келесі кездесулерде тек жеңіске жету қажет. Алдағы матчтарға тыңғылықты дайындалатын боламыз.

Енді теріскейліктер келесі ойынын қыркүйектің 11-і күні өткізеді. Бұл жолы “Қызыл-Жар СҚ” ФК Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті “Мақтаарал” құрамасымен кездеспек.

 

Култанов Байболат