Спорт

“Құлагер” ХК ел кубогын иеленді

Қос команда ойынды барлаумен бастағанымен алғашқы болып есепті шабуылшы Денис Клемешовтың арқасында айдын иелері ашты. Құлагерліктер таразы басын теңестіруге тырысқанымен “Ертіс” ойыншылары сауатты қорғана білді. Матчтың аяқталуына аз уақыт қалғанда Анатолий Васильев есепті теңестірсе, 2 секунд қалғанда Илья Ахметов дәл бағыттаған соққысымен командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша, өзінің тарихында алғаш рет “Құлагер” хоккей клубы ел кубогын иеленіп отыр. Ал бұл турнирде петропавлдық Андрей Янков үздік қақпашы деп танылды. Естеріңізге сала кетейік, ел біріншілігінің кезекті маусымы қыркүйектің 6-сы 7-сі күндері басталады. Жерлестеріміз алғашқы ойынды өз айдынында павлодарлық “Ертіске” қарсы өткізеді. Матч сағат кешкі 19-00-де басталады.

 

Риат Шони