Спорт

Қалада демалыс күндері жүгіруден жартылай марафон өтті

Әскер Кожанов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. 12 жасымнан бастап жүгіру, шаңғы тебу және басқа да спорт түрлерімен айналысып келемін. Әскерден оралған соң жартылай марафонға қатысып, бағымды сынап көргім келді. Бірінші рет жүгіруден 2000 жылы Сібір марафонына қатысып, жүлделі болдым. Осыдан кейін бұл спорт түріне қызығушылығым арта түсті.

Жарысқа қатысам деушілердің жасында шектеу болмады. Сондықтан, мұнда 81 жастағыларды да кездестіруге болады. Осындай әуесқой спортшылардың бірі – зейнеткер Варвара Грудинина. Ол бүгін 5 шақырымды бағындырмақ. 30-ға жуық халықаралық жартылай марафондарға қатысқан спортшы осы спорт түрімен айналысуға немерелерін де баулуда. Егде жасына қарамастан зейнеткер үздіктердің қатарында.

Варвара Грудинина, «Бодрость» әуесқой жүгірушілер клубының мүшесі:

– Зейнетке шыққаннан кейін «Бодрость» әуесқой жүгірушілер клубының құрамына кірдім. Осы спорт түрімен 27 жыл бойы айналысып келемін. 27 марафонда бағымды сынап, жүгіріп өттім.

Жартылай марафонға қатысушылар өз жеңісін Қазақстан Республикасының Конституция күніне арнамақ.

Жанат Мұхаметгалеев, Петропавл қаласы спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы:

– Жүгіруден жартылай марафон Конституция күніне орайластырылған. Жарысқа «Бодрость» және «Надежда» клубтарынан 13 спортшы жиналып отыр. Олар 5, 10 ,21 шақырымды бағындырады. Жас категориясы да әр түрлі.

Жартылай марафонда озып шыққандар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Айсулу Сергали