МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында 6-шы облыстық әйелдер спартакиадасы басталды

Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысушыларды спартакиаданың ашылуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары :

– Облыс әкімі атынан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған облыстық әйелдер спартакидасының ашылуымен құттықтаймын. Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда халықаралық аренада Қазақстан спортының беделі жыл санап көтеріліп келеді. Биыл төрткүл дүние көз тіккен Рио Олимпидасындағы жарқын жеңістеріміз елімізде спортты дамытуға айрықша маңыз беріліп отырғанын айғақтайды.

6-шы облыстық әйелдер спартакидасын өткізу биыл Қызылжар ауданына бұйырып отыр. Маңызды міндетті тиісті деңгейде атқару үшін аудан әкімдігі тыңғылықты дайындалған көрінеді.

Руслан Борошин – Қызылжар ауданы спорт бөлімінің басшысы:

– Бескөл орта мектеп-гимназиясының базасында шағын футбол алаңы салынды. Облыс әкімінің тапсырмасымен біз қосымша воркаут алаңын да құрдық. Жалпы спартакиадаға барлығы дайын.

Жайнагүл Болатова бүгін Айыртау ауданының намысын қорғамақ. Ол жарыста еркін күрестен сынға түспек. Спортшы бұл дүбірлі додаға 6 ай дайындалған.

Жайнагүл Болатова – жарысқа қатысушы, Айыртау ауданы:


–  Біздің мақсатымыз – жеңіспен оралу. Бізбен 40 спортшы келді. Барлығы жақсы нәтиже көрсетуде. Өз басыма келсем, облыстық спорттың жүлдегерімін.

Дүбірлі додаға барлық ауданнан жасы 18-ден асқан қыздар келіп отыр. Олар 3 күн бойы сынға түсетін болады.

Шара соңы концерт пен отшашуға ұласты.

Беисова Айнур