МТРА жаңалықтары

“Ақ орамал” республикалық акциясы аясында бірқатар шаралар ұйымдастырылды

Одан кейін отбасылар 9 топқа бөлініп, спорттық, зияткерлік, шығармашылық сынды 7 түрлі сайыста уақытқа жарысты. Нұрлан Жалмұқанов осында 2 немересін ертіп келген. Ол ұрпағының жан-жақты тұлға болып өскенін қалайды.

Нұрлан Жалмұқанов – Ауған соғысының ардагері:

– Бала-шағам спорттық, отбасылық шараларға белсенді қатысады. Олар табиғатты қорғауды үйретемін.

Алтынбек Жандилдин мұнда анасы Құралай мен ағасы Алдиярмен келіпті. Олар бүгін өзге отбасылар сияқты жанұя, Отан, қазақтың біртуар азаматтары туралы қойылған сұрақтарға жауап беріп, кейін басқа станцияда фото коллаж жасады.

Алтынбек Жандилдин – сайысқа қатысушы:


– Маған бәрі ұнап жатыр. Осындай сайыстар жиі өтіп тұрса екен.

Осы күні “Ақ орамал” республикалық акциясы жер-жерде өтуде. Игі шара аясында Қазақстан халқы асамблеясы мен Аналар кеңесінің мүшелері түрлі мекемелер мен кәсіпорындарға, әскери бөлімдерге барып, ұжымдарға Елбасының ” ХХІ ҒАСЫР соғыссыз, ядролық қарусыз ӘЛЕМ” атты манифесін түсіндіріп жүр.

“Ақ орамал” республикалық акциясы аясында шаһарымызда Қазақстан халқы асамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырыс өтті. Оған аудандық филиалдар мен этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жерлестеріміз соғыстың тамырына балта шабу – адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті деп санайды.

Күлімкөз Смаилова – облыстық Қазақстан халқы асамблеясы жанындаағы Аналар кеңесінің төрайымы:

– Біз тарихтан сабақ алып, қателіктерді қайталамауымыз керек. Және оның болдыруға жол бермеу маңызды. Бүгінде ұрпақ келешегіне мемлекеттердің көшбасшылары мен саясаткерлер ғана емес, әр адам жауапты. Қазақстанның әр азаматты ядролық қару мен соғысқа қарсы өз ұстанымын батыл түрде жеткізуге тиісті.

Сайран Байдалина – “СҚО Аналар кеңесі” Тимирязев аудандық филиалының мүшесі
қаз: “Билеріміз айтқандай, ел болайық, ел болу үшін тірі болайық, тірі болу үшін ірі болайық. Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Бұл елімізді мекен еткен 130-дан астам ұлтқа қайырлы-құтты болсын!”.

Лариса Магомедова – “Мерейлі отбасы-2014” өңірлік конкурсының жеңімпазы, Ғ.Мүсірепов ауданы:


– Қазақелінде тұратын азаматтардың ұлты бөлек болса да тілегі бір. Мен Елбасының барлық бастамаларын қолдаймын. Біз барлық аналар күш біріктіріп, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау жолында аянып қалмауға тиістіміз.

Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері сөз сөйледі. Жиналғандар “Ел анасы” атанған аузы дуалы, қоғамға беделді ардагерлер мен ұлағатты ұстаздарды көзі тірісінде бағалап, оларды келешек ұрпақты тәрбиелеу ісіне қатыстыру керек деген ортақ ойлар айтты.

Берік Қасен