Спорт

Петропавлда Пестрое көлі жағасында «Здорово живем» акциясы өткізілді

Нәзікжандының осы спорт түрімен айналысқанына 1 жылдан асқан. Ол бүгінгі “Здорово живем” атты спорттық шараның өткізілетіні жайлы әлеуметтік желіден біліп, кейін осы жарысқа құрбысымен бірге қатысуға келіпті.

Алма Баукенова – жарысқа қатысушы:

– Бүгін Пестрое көлінде ұйымдастырылып отырған волейбол жарысына қатысып жатырмын. Осындай спорттық шаралар қаламызда жиірек өткізіліп тұрса деймін.

Жағажай волейболына қатысуға 2 адамнан құралған 10 команда жиылыпты. Жалпы, аталмыш жарысқа спортшылардан бөлек, қала тұрғындары да қатысып, бақтарын сынады.

Евгений Пеньков – акция ұйымдастырушысы:

– Демалушыларға арнап волейбол, футбол, квест ойындарын өткіземіз. Жалпы бүгінгі акцияның мақсаты – халықты салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Шара соңында жарысқа қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.

Айсулу Сергали