МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Ақ орамал» акциясы аясында 3 жас отбасы некелерін қиды

Облыстық Қазақстан халқы Асамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері жас келіншектерге ақ орамалдарды табыстап, ақ жаулықтың қасиеті жайлы айтып, ардақты ана атануларын тіледі. Интернационалды жанұя Қанат Исмаилов пен Виктория Гамзинаның танысқандарына 5 жылдан астам уақыт болыпты. Олар жаңа ғана некелерін қиып, отбасы атанды.

Виктория Гамзина:

– Орыс пен қазақ халқының салт-дәстүрлерін бірдей ұстанып той өткізіп жатырмыз. Қандай ұлт өкілі екеніміз маңызды емес, ең бастысы, ол – арамыздағы махаббат сезімі, сыйластық пен татулық.

Роза Кәрімова – Облыстық Қазақстан халқы асамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі:

–  Жастар жанұя құндылықтарын жақсы білулері, бағалаулары тиіс. Біз Аналар кеңесі осы шараға өз үлесімізді қосып отырмыз.

Айсулу Сергали