МТРА жаңалықтары

Өңір полицейлері Елбасының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының орындалуын талқылады

Президент тапсырмасынан соң елімізде биылғы жылдың қаңтар айынан бастап аталған құрылым жұмыс істеуге кірісті. 8 айдың қорытындысы бойынша өңірде жалпы қылмыс саны 4,6%-ға азайған.

Арыстан Сұлтанғазиев – СҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары:

– Бүгінгі таңда облыстың Жергілікті полиция қызметінде 1000-нан аса маман қызмет етеді. Олар қоғамдағы тәртіптің бұзылмауын қадағалайды. Жыл басынан бері Шал ақын ауданында екі учаскелік пункт ашылды. Бүгін тағы Қызылжар ауданының Якорь селосында дәл осындай пункт ашылғалы отыр.

Тағы, “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету туралы айтылған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін облыстық ІІД жанында консультативтік-кеңес органы құрылды. Олар өңірдегі тәртіп сақшыларының жұмыс атқаруын қадағалайды.

Александр Казанцев – СҚО ІІД жанындағы консультативтік-кеңес органының мүшесі:


–  Біздің өңірдегі тәртіп сақшыларының жұмысына жоғары баға беруге болады. Жергілікті полиция қызметкерлерінің атқарған ісі еліміздің басқа облыстарымен салыстырғында әлдеқайда жоғары. Құқық қорғаушылар өздеріне тиесілі учаскелерде тұрғындармен жиі кездеседі. Қоғамдық орындарда сақтық шараларын қамтамасыз етеді.

Жиында құқық қорғау саласында бірнеше жыл қызмет атқарған 10-нан аса маман марапатталды. Оларға облыстық ІІД бастығы Берік Біләловтің атынан алғыстар және “Мінсіз қызмет үшін” төс белгілері табысталды. Құрметке бөленгендердің қатарында Қызылжар аудандық ІІБ аға кезекші инспекторы Шоқан Сыздықовт а бар.

Шоқан Сыздықов – Қызылжар аудандық ІІБ аға кезекші инспекторы:

– Мен өзім құқық қорғау саласында 20 жыл қызмет етемін. Бүгін марапатқа ие болып жатырмын. Оған өте қуаныштымын.

Сонымен қатар, жиын соңында Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмабековтың атынан аудандық ІІБ-не “Нива” автокөлігі табысталды.

 

Култанов Байболат