МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Заречный кентінде жөндеуден өткен жолмен танысты

Ендіғой Опанова – “Заречный СК” ПИК төрайымы:

– Аулаларға асфальт төселді, баспаналарды “Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы аясында жөндеуден өткізіп жатырмыз. Бастысы кентке жаңа жол төселді.

Ерік Сұлтанов су тасқынынан бұзылған жолдарды қалыпқа келтіруге үлкен мән берілді дейді. Бірақ, бұл маң жылда көк судың астында қалады. Оны толығымен шешу мүмкін болмай тұр.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысның әкімі:

– Біз қажетті қаражатты бөлдік. Үкімет резервінен 1 млрд 300 млн теңге алдық. Былғары зауытында дамба орнатамыз. Ол жақты алдағы уақытта су баспайтын болады. Ал Заренчныйда мәселені шешу қиын. Мұнда қыруар қаражат қажет. Бұл жерде Омбыға апаратын республикалық маңызға ие жол өтеді. Олардың үстінен су ағу үшін төмен етіп жобаланған.

Жергілікті тұрғындар мұндай жолды армандамапты да. Айтуларынша, енді көліктердің істен шығуы азайып, жаяу жүргіншілерге де ыңғайлы болмақ. Алдағы уақытта кентте тротуарда салынады. Бұндай тапсырманы аймақ басшысы жол жөндеуші кәсіпорындарға жүктеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысның әкімі:

– Тротуарларды міндетті түрде жасау қажет. Мұнда бәлкім балалар велосипедпен жолда жүретін шығар. Ал онда машиналар жүйткиді ғой. Ол өмірге қауіпті. Сол себепті, тротуарларды кеңейтіп салу керек.

Мұндағы жұмысқа тартылған “Дорожник Ашық аспан” серіктестігінің директоры төселген асфальт мықты дейді. Тротуарларды салуға екі күннен кейін кірісетіндіктерін жеткізді. Заречный кентіндегі жөндеу жұмыстарына 50 млн теңгеден астам қаражат жұмсалыпты. Тұрғындармен кездесуде облыс әкімі Ерік Сұлтанов алдағы екі жылда шаһарда көліктер жүретін жолдарды барынша қайта жөндеу мақсаты тұрғандығын тілге тиек етті. Өткен жылы Петропавл қаласында 10-ға жуық көше қалыпқа келтірілген. Ал биыл 7- көше жаңғыртылды.

 

Риат Шони