МТРА жаңалықтары

Бірлік ауылында 4 жылдық мектеп ашылды

Біртіндеп мектеп – 9, кейін, тіпті, 4 жылдыққа айналған. Ал 2013 жылы білім мекемесі мүлде жабылып қалған болатын. Биыл мектеп қайта жөнделіп, жаңа оқушыларын қабылдауға дайын. Ауыл тұрғындарын құттықтай келген аудан әкімі Мұратбек Әбішев мектепке ноутбук, ал балаларға «Мектепке жол» акциясы аясында бір-бір сөмкеден үлестірді.

Мектептің ашылуына ауыл тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай түгел жиналды. Олар енді балаларының ешқайда қатынамай, тұрған жерлерінде оқитындықтарына қуанышты. Мұнда 11 кабинет бар, бірақ, әзірге бірнешеуі ғана жұмыс істемек дейді мектеп жетекшісі Гульдана Ахметова. Жас маман балаларға білім беріп қана қоймай, директордың да қызметін атқарады.

Гүлдана Ахметова – Бірлік бастауыш мектебінің меңгерушісі, Есіл ауданы:

–  4 сыныптық мектеп. 5 оқушы бар. Ауылға келу себебім, бұл – менің туған ауылым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келдім.

 

Мектеп оқушылары – еңбек күші көп аймақтардан өңірге қоныс аударған жанұялардың балалары. Айта кетейік, биыл Бірлік аулына Оңтүстік Қазақстан өңірі мен Қытайдан 10 отбасы көшіп келді.

Анар Екпін – Бірлік бастауыш мектебінің оқушысы, Есіл ауданы:

–  Мен Қытайда жақсы оқыдым. Бұл жақта да жақсы оқимын деген үміттемін. Мектептің ашылғанына қуаныштымын. 3-ші сыныпқа көштім. Мен бұл жаққа отбасыммен келдім. Атам мен әжем Талдықорғанда тұрады.

Өткен ғасырдың соңында Бірлік ауылының 500-ге тарта тұрғыны болған. 2000-шы жылдары олардың қатары біраз сиреген. Бүгіндері мұнда 121 адам тұрады.

Магжан Ахмадина