МТРА жаңалықтары

Жыл басынан облыстық кәсіпкерлер палатасына 100-ден астам бизнесмен көмек сұрап келген

Анар Ғабдуллина – “Ғабдуллина” ЖК директоры, Шал ақын ауданы:

– Мен мүлікті өз атыма заңдастыра алмадым. Себебі ол басқа компанияға тиесілі болды. Сөйтіп кәсіпкерлер палатасына жүгінуді жөн санадым.

Бұл мәселемен Анар Ғабдуллина облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінген. Мұндағылар әуелі сотқа жеткізбей шешуге талпыныпты. Алайда, мәселенің түйінін өз күштерімен тарқата алмай, ақыры мемлекеттік органға жүгінген.

Асқар Махмет – СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Бұл мәселені шешерде біз ең әуелі “Қазсушар” кәсіпорны мен мемлекеттік мүлік департаментінің өкілдерін шақырттық. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі жиын өткізіп, сұрақты өз араларында шешу керек екенін де айтты. Бірақ, жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Сөйтіп, сотқа жүгіндік. Сот біздің пайдамызға шешім шығарды.

Жалпы жыл басынан облыстық кәсіпкерлер палатасына 100-ден астам бизнесмен көмек сұрап келген. Оның 60-70 пайызының мәселесі шешіліпті. Негізінен кәсіпкерлер құрылыс, жер және салыққа байланысты сұрақтарымен келеді.

 

Риат Шони