МТРА жаңалықтары

Ұлттық банктің жергілікті филиалына жаңа монета келіп түсті

Александр Афанасьев – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ касса меңгерушісінің міндетін атқарушы:

– Монетаның бет жағында адам алақанымен Жер шарын ұстап тұрған бейне салынған. Ал сөлкебайдың келесі бетінде шөл далада гүлдеп тұрған сексеуілдің суреті бейнеленген. Монетаның оң жағында ағаштың бір бұтағының ұлғайтқыш шыны арқылы көрінген суреті бар. Бұтақтың түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған.

Монетаның бағасы 9 мың 900 теңге тұрады. Таралымы – 3 мың дана, ал біздің филиалда осының 20-сы болған, 5-уі сатылып кетті.Жалпы Ұлттық банктің жергілікті филиалында естелік монеталар жетерлік. Олар түрлі серияларға жатады. Мәселен, әлемде өткен түрлі спорттық додаларға арналып шығарылған сөлкебайлар да бар. Нумизматтар көбіне ғарыш тақырыбындағы монеталарға қызығушылық танытатын көрінеді.

Александр Афанасьев – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚФ касса меңгерушісінің міндетін атқарушы:

– “Венера-10”, “Буран”, “Алғашқы ғарышкер”, “Байқоңыр” сынды монеталарды нумизматтар көптеп алады. Бұнда ең қымбат сөлкебай, ол – “Алғашқы ғарышкер”. Құны – 15 мың 500 теңге. Сонымен қатар, естелікке қазақтың ұлттық ойындары бейнеленген монеталарды да алып жатады. Қазір Рио Олимпиадасына орай шығарылған сөлкебайлар көптің сұранысына ие.

Естелік монеталарды Ұлттық Банктің филиалдарынан сатып алуға болады. Сондай-ақ, нумизматтарға жағымды жаңалық – қаржы институты қыркүйек айында тағы бір сөлкебайды шығаруды жоспарлауда.

 

Риат Шони