Білім

Қазақстанда пилоттық білім беру ұйымдары құрылмақ

Әлия Оралбекова- «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы білім беру бағдарламаларының сарапшысы, Алматы қаласы:

– Жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған. Сөзі, ойы, іс-әрекеті үйлесімде дамитын тұлғаның біртұтас педагогикалық кеңістігін құру. Яғни, осы кеңістікте жалпы баланың дамуы, ізгі ойы, сөзі, ісі бір болуы, сонымен қатар кәсіптік тұрғыдан педагог қызметкерлердің жалпы рухани-адамгершілік тарапынан дамуы осы пилаттық ұйымдар арқылы іске асады.

Өңірдің 5 білім беру мекемесі осы пилоттық жобаға қатыстырылады. Ол үшін оқу ордалырының ұстаздары арнайы оқудан өткізіліп, сертификаттарға ие болады.

Әлия Оралбекова «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы білім беру бағдарламаларының сарапшысы, Алматы қаласы:

– Пилоттық білім беру ұйымдарының жұмысы үш жыл бойы жүргізіледі. Әр жыл соңында сауалнамалар жүргізіліп, сол ұйымның динамикасы тексеріледі. Содан кейін, олардың профильдік ұйымға ауысады не ауыспайды деген шешім шығарылады.

Айта кетейік, осыған дейін аталмыш пилоттық бағдарлама Астана,Алматы, Қарағанды қалаларындағы 24 ұйымда жұмыс жасаған. Енді олардың санын 80-ге жеткізу көзделіп отыр. Өйткені, оқушылар мен студенттер тек интеллектуалдық емес, сонымен қатар рухани-адамгершілік біліммен де сусындауы тиіс.

 

Магжан Ахмадина