МТРА жаңалықтары

Өңіріміздің дамуына үлесін қосқан – жан

Жақсылық Ысқақов – Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы:

– Үкімет пен партияға қызмет істегенде совет үкіметінің күллі ордендарын алдым. Комсомолда жүргенде Еңбек, Қызыл Ту орденін берді. Одан кейін Знак почета, Дружба нородов, Октябрьскии революции және Ленин орденінің барлығы бар.Міне қазір 85 жасқа келгенде елдің құрметті азаматы болып, СҚО менің еңбегімді бағалап, облыстың құрметті азаматы атағын берді.

Қазір ақсақал құрметті еңбек демалысында болса да аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласады. Сондай-ақ, бос уақытында кітап пен газет-журналдар оқимын дейді.

Жақсылық Ысқақов – Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы:

– Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келдім. Өзім өміріме,өткен уақытыма сондай ризамын. Менің оқытушыларым, ұстаздарым – нығыз кісілер болды.Сол кезде біздің қойған басты міндетіміздің бастысы: «сен отырған орнын жұмсақ болғанмен, дәрежен биік болғанмен сен халық үшін қызмет ету керексін». Халыққа қызмет етсен, сонда дұрыс болады. Міне 1954 жылдан бастап сол халыққа қызмет істеп, халықтың қызметінің арқасында өсіп, жұмыстың жоғарғы жағына дейін келдік.

Бүгінде қария 3 ұлынан – 7 немере мен 4 шөбере сүйіп отыр.

Тогжан Акмагамбетова