«Нұр Отан» партиясының қатары толықты

МТРА жаңалықтары

14:35 25 Тамыз 2016

Нұр Отанның құрамына Конституция күні қарсаңында 19 адам еніп отыр. Солардың бірі – Дархан Жұманғалеев.

Дархан Жұманғалеев- «Breez Tour» туристік фирмасының директоры:

– Мен мектеп жасынан қоғамдық өмірге белсене араласып, түрлі іс-шараларға қатыстым. Кейін туризмді дамытуға ниет бұрып, қазір туристік фирманың директоры атандым. Осы кәсібімде де маған адамдармен араласып, оқиғалардан құлағдар болуым керек. Ал нағыз көшбасшылық қасиеттерді осы партияда ғана ала аласың. Сондықтан мен партияға мүше болуды жөн санадым. Еліміздің дамуына, көркеюуіне осылайша өз үлесімді қоспақпын.

Тағы бұл күні белсенді партия мүшеліріне алғыс хаттар берілді. Мұратбек Тәліповтың Нұр Отанның қатарында жүргеніне 10 жылдан астам уақыт өтіпті.

Мұратбек Тәліпов- Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Біздің осы «Нұр Отан» партиясы халықты біріктіру, мемлекеттік бағдарламаларды орындауға жұмылдыру жұмыстарын жасап жатыр. Сол істі атқарып жатқандықтан біз де атсалысып жатырмыз. Сол еңбегімізді бағалап жатқанына ризамын. Бұдан да жақсы жұмыс істеуге тырысамыз.

Көшбасшы партияның мақсаты бір – ол қазақстандықтардың өмірін жақсартып, елімізді дамудың даңғыл жолына бастау.

Магжан Ахмадина