МТРА жаңалықтары

Ата заң мерекесі қарсаңында дөңгелек үстел өтті

Сара Мұқанова – Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұалімі:

– Оқушылар қоғамның бір мүшесі. Сондықтан олар заңды жақсы біліп, осындай шараларға белсенді қатысу керек.

Ұжымда, мектепте, қоғамдық орындарда, жолда. Әр жерде өз заңы мен жазылған ережелері бар. Оны бұзу конституциялық нормаларды бұзғанмен тең. Жастар бастамалары орталығы осындай шаралар арқылы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруды меңзейді.

Қуаныш Маметов – СҚО жастар бастамалары орталығы секторының жетекшісі:

– 21 жыл бұрын ҚР-ның Конституциясы қабылданған еді. Бүгінде әрбір жас өзінің азаматтық құқығын білуге тиісті. Жастар бастамалары орталығы осындай шараларды жиі өткізу арқылы жастардық құқықтық сауаттылығын арттырмақшы.

Басқосуда Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенттері Экспо халықаралық көрмесіне қатысатын еріктілермен түрлі тақырыпта пікір алмасты.

Берік Қасен