Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тамыздың 22-сі өңір диқандары ресми түрде орақ науқанына кірісті

Жемазық дақылдары тағы бар. Серіктестіктегілер былтырдан бері майлы дақылдың отандық “Майқұдық” сұрыпын өсіреуде. Алдын ала болжам бойынша гектарынан 27 центнер рапс жинамақшы.

Белгібай Канафин – Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры:

– Біз селекциялық жұмыспен айналыспаймыз. Жалпы біздегі сорттар Бараев, Қарабалық және Алматыдағы орталықтардан алынған сұрыптарды көбейтеміз.

Келешекте майлы дақылдарды өткізуде еш қиындық туындамайды. Қытайлық “Айцзю” компаниясы аталмыш өнімге нарықтағыдан жоғары баға ұсынып отыр. Аспан асты елінен келген инвесторлар Тайынша ауданында зығыр, рапс, күнбағысты терең өңдейтін зауытты осы жылдың желтоқсан айына дейін тұрғызып бітірмекші. Бұл жағымды жаңалықты аймақ басшысы Ерік Сұлтанов жеткізді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Кәсіпорын тәулігіне 300 мың тонна дақыл өңдеуге қауқарлы. Қазір онда қондырғылар жеткізіліп жатыр. Біз жақында барып көрдік. Қондырғылардың барлығы еуропалық екен. Қытайлықтар зығыр, рапс тағы да басқа майлы дақылдарға нарықтағыдан жоғары бағаға сатып аламыз деп маған уәде берді. Сондықтан алқаптарды одан әрі әртараптандыру керек. Бұл маңызды және баршамыз үшін тиімді болмақ.

Тәжірибе станциясының алқаптарында өсірілетін Омбы 35, 36 және Астана 2 сұрыптарына өңір диқандарынан сұраныс жақсы дейді кәсіпорын басшысы Белгібай Канафин. Биыл ол гектарынан 20-25 центнер өнім шығады деген үмітте. Қазіргі таңда жұмысшылары дәнді дақылдарды оруға кіріскен. 5 күн бұрын құлатылған Омбы 35 бидайын “Сампо Азия” комбайндары бастырып жүр. Жергілікті заутытта құрастырылған техникаларды серіктестіктегілер биыл сатып алыпты. Бұдан өзге оларда 143 бірлік комбайн бар. Өңір жетекшісі 4 млн 375 мың гектардағы өнімді шашау шығармай жинап алу үшін агроқұрылымдар жақсы дайындалды дейді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Биыл АШ 23,5 млрдтеңге бөлінді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 6 млрд теңгеге артық. Соның арқасында біз 638 бірлік техника алып отырмыз. Үкімет тарапынан 72 тонна дизель отыны бөілінп отыр. Оның 70 пайызы жеткізілді. Қалғанын қыркүйекте аламыз.

Өңірде элевторлар биыл 6,5 млн тонна астық қабылдай алады. Облыс әкімі күзгі өнімді өңдеп, сақтауда қиындық болмайды деді. Осы күні делегация тыңайтылған және тыңайтқыш себілмеген жерлерде өсірілген бидайлардың шығымдылығын көрді. Осы жерде тұқымды ерте несеме кеш отырғызудың бидайдың шығымдылығына қаншалықты әсер ететіндігін мамандар диқандарға көрсетіп берді. Аймағымыздың ауа-райы шұғыл континенталдығымен ерекшеленгендіктен бізге 80-85 күннің ішінде пісіп шығатын бидай сұрыпы керек екен.

Мол өнім алу үшін жердің құнарлылығын арттыру керек. Тәжірибе станциясы келер жылдан бастап картоптың 6 түрін өндіріске енгізбекші. Ғалымдар мына картоптарды өсіруде сапропель тыңайтқышын қолданыпты. Ол тұзды көлдердің түбінен алынған.
Бұл әдіс ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды жаңалық.

Наталья Белецкая, “Наносфера” ЖШС директоры:

– Сапропель дегеніміз – 15 пайыздан астам органикасы бар су түбіндегі шөгінділер. Тыңайтқыш жерді құнарландырады. Шөгінділерді алу қиын емес. Сапрапель органикалық заты шығымдылықты арттырып, өсімдікті зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғайды. Биыл осы тыңайтқыштың арқасында картопт ерте гүлдеп, жылдағыдан 73 пайызға артық өнім берді. Сондай, ақ, егістікте Екібастұз күлін пайдалануға кеңесімді беремін.

Ал мына жерде көпжылдық шөптің 148 түрі өсіп тұр. Көбі ресейден әкелінген. Ғалымдар жергілікті жерге тез бейімделгенін іріктеп алып, кең қолданысқа енгізбекші. Осы күні өңір жетекшісі тәжірибе станциясының тапсырысы бойынша салынып жатқан астық кептіргіш кешенді көрді. Нысандағы қондырғылар сағатына 30 тонна дақылды кептіріп, тазартуға қауқарлы. Аталмыш жобаның авторы Ақмола облысындағы “Азам-кс” ЖШС-гі. Кейін облыс әкімі бастаған делегация ауыл шарушылығы техникалар көрмесін тамашалды. Бірінші кезекті бәрінің назары “САМПО Азия” комбайынына ауды.
Себебі өткен жылы құрастырылған 22 техника былтырғы орақ науқанында сынақтан сәтті өткен көрінеді.

Сәбит Шакенов – “Казтехмаш” машина құрастыру зауыты” ЖШС бас директоры:

– Шетелдік әріптестермен бірлесіп ары қарай өнімнің қазақстандық мазмұнын толықтырамыз. Екіншіден комбайнның бағасын теңгемен тұрақтандыру. Диқандар техниканы “ҚазАгроҚаржы” немесе “Тенгрилизинг” қаржы орталықтары арқылы лизингке ала алады.

Синоптик мамандар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тамыздың үшінші онкүндігі мен қыркүйек айының бірінші орынкүндігін тиімді пайдаланған дұрыс дейді. Себебі одан кейін ауа температурасы төмсендеп, күн бұзылуы мүмкін. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының бас директоры Жексенбай Қасқырбаев та диқандарды өз болжамдарымен қуанта қоймады. Ғалым күзгі өнімнің ылғалдылығы 18-20 пайыз болса да оны қыркүйектің 20-сына дейін жинап алған дұрыс дейді.

Жексенбай Қасқырбаев – А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының бас директоры, Ақмола облысы:

– Соңғы 5 жылда СҚО-сының диқандары отырғызған егіннің 30 пайызын тат пен септариоз ауруларының кесірінен жоғалтып келеді. Сондықтан фуегицид қолданбаса болмайды. Биыл егін 7-14 күнге кеш пісуде. Егер тамыздың соңына дейін күн ыстық болса бұл олқылықтың орны толады. Біздің болжауымызша, мамырдың 4-і мен 25 аралығында отырғызылған бидай шамамен қыркүйектің 10 немесе 20-сына дейін толығымен пісіп жетілуге тиісті.

Ал облыс әкімінің бірінші орынбасары жұмысты жеделдете түсу үшін ынталандыру тетіктерін қолдануды ұсынды. Және агроқұрылым басшыларына жұмысшылардың айлық жалақысын облыстың орташа көрсеткішіне, яғни – 95 мың теңгеге жеткізіп, механоизаторларға сыйақы берілсін деді.

Айдарбек Сапаров – облыс әкімінің бірінші орынбасары:

– Алқаптарда жұмыс істегенде техникаларды жиі тексеріп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаңыздар. Осы күзде 4 – ші репродукциядағы және 1-ші, 2-ші категориядағы тұқымдарды жинау маңызды. Уәлиханов, Қызылжар, Мамлют, Тайынша аудандарында кеш пісетін тұқымдарын ерте пісетінге алмастыру керек. Диқандарға жағымды жаңалығымыз бар. 2017 жылдан бастап 1-ші репродукциядағы элиталы тұқым алған аграрилерге субсидия беріледі. Яғни 1 тонна тұқымның 70 пайыз бағасы қайтарылады.

Семинар-кеңеске АШМ-нің өкілі Бақыт Ілиясов қатысты. Ол өсімдік шаруашылығымен айналысатын диқандарға қыркүйектің 15-іне дейін гектарлық субсидя төленетінін мәлімдеді. Диқандар орайы келіп тұрғанда астықтық сатып алу бағасын өзгерту туралы ұсыныс жасады. 3-ші кластағы желімтігі 23 пайызды құрайтын бидайдың тоннасы 50 мың теңгеге бағаланса дейді шаруалар. Жиын барысында аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Жергілікті полиция басқармасының бастығы Қанат Айтбаевқа жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тапсырма беріп, астық тасымалдайтын жүк көліктерін бей-берек тоқтатапауды ескертті.

Берік Қасен