Қылмыс

Петропавлда есірткі саудасымен айналыспақ болған 43 жастағы азаматша қолға түсті

Аманжол Тулебаев – Петропавл қалалық ІІБ қызметкері:

– Күдіктінің пәтерін тінту барысында 16 келі марихуана және 490 грамм гашиш тәркіленді. Және біз үйден есірткіні сатуға қажетті таразы, дорбаны таптық. Анықталғандай қолға түскен нәзік жанды өзі бұрындары есірткі қабылдамапты.

Бір қызығы күдікті есірткіні почта қызметі арқылы алып отырған. Анықталғандай қара базардағы құны 1 млн 800 мың теңгеге жуық болатын ірі көлемдегі тауар күдіктіге Жамбыл облысының Шу ауданынан келіпті.

Аманжол Тулебаев – Петропавл қалалық ІІБ қызметкері:

– Бұл қылмыстың бетін ашу арқылы біз Оңтүстік өңір мен Петропавл қаласы арасындағы есірткі байланысын толығымен үздік. Қазір қала тұрғының ісіне қатысты қылмыстық кодекстің 297 бабы, 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктінің жасаған ісі ауыр қылмыс болып табылады.

Ұсталған әйел тергеу изоляторында отыр. Оның жасаған қылмысы дәлелденсе 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Естеріңізге сала кетейік, теріскейлік полицейлер Петропавлда осы жылдың басында 100 келіге жуық марихуанамен Қырғызстан азаматын қолға түсірген болатын.

Култанов Байболат