МТРА жаңалықтары

«Startup Bolashak» байқауының екінші кезеңі басталды

Гүлмира Жақыпова – «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» СҚО бойынша өңірлік филиалының бас менеджері:

– Қатысушыларға қойылатын негізгі талап – тың әрі Қазақстанда жасалған деген идеяны қалыптастыру. Ұсынған жобалар әлеуметтік маңызға ие болуы керек. Өтініштердің барлығы өңірлердегі Даму қорының орталықтарында қабылданып, Астана қаласында қарастырылатын болады. Кейін олардың арасынан 20 үздік жоба таңдалынып, авторлары арнайы курстардан өтеді. Кейін соның ішінен тағы 10-ы іріктеліп алынады да оларға қайтарымсыз гранттар беріледі.

Айта кетейік, өткен жылы жобаның бірінші маусымында жеңімпаз атанғандар көлемді қаржы алып, өз істерін бастап кеткен болатын. Олардың арасында бір солтүстікқазақстандық нәзікжанды да бар.

Гүлмира Жақыпова – «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» СҚО бойынша өңірлік филиалының бас менеджері:

– Өткен жылы біз 82 өтінішті Астанаға жібердік. Ал ол жақта еліміздің әр өңірінен 2 мыңнан астам өтінім келіп түсіпті. Соның арасында айыртаулық Вера Сухова грант иегері атанды. Ол 2,5 млн теңге қаржыға ие болып, дала және үй құстарын өсіруді қолға алды.

«Стартап Болашақ» жобасының екінші кезеңіне өтініштер қыркүйектің 23-іне дейін қабылданады. Сондықтан, өз идеясын жүзеге асырамын дегендердің асыққаны абзал. Жүлде қоры 30 млн теңгені құрап отыр.

 

Магжан Ахмадина