МТРА жаңалықтары

“СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы “Мектепке жол” акциясы арқылы 8 балаға көмек көрсетті

Виктория Даниленко – №42 мектептің 9-сынып оқушысы:

– Спортты жақсы көремін. Мектепте дене шынықтыру сабағында жүгіріп, секіреміз. Сол себепті, мен спорттық киімдерді алуды жөн санадым. Жаңа аяқ киімім өзіме ұнады.

Ал, Тутуевтер жанұясында 6 бала бар. Биыл оның 3-еуі мектепке барады. Бүгін отбасындағы 2 балаға “Мектепке жол” республикалық акциясы аясында киім-кешектер бірілді. Бұған үйдің отағасы дән риза.

Талғат Тутуев – ата-ана:

– “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығына жасаған көмектері үшін алғыс айтамын. Жаңа оқу маусымы қарсаңында балаларды мектепке дайындау қиын. Қазір барлық заттар қымбат. Ал, биыл осы акцияның арқасында мектепке дайынбыз.

Жалпы, акцияға “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы құрамындағы 11 кәсіпорын қатысыпты. Олар қайырымдылық шара аясында 150 мыңға жуық қаражат жинаған. Бұл ақшаға аталған ұйым өкілдері жергілікті 8 балаға оқуға қажет киім-кешектер мен кеңсе тауарларын сатып әперген.

Галина Семёнова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– “Мектепке жол” акциясына қатысу үшін қалалық білім бөліміне хабарластық. Олар бізге 8 көпбалалы отбасыны берді. Кейін біздің ұйымның өкілдері жанұялардың ата-аналарымен хабарласып қандай көмек керек екендіктерін сұрап білді. Балалардың қалауы бойынша оларға қажет дүниелерді сатып әпердік.

“СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығы республикалық “Мектепке жол” акциясына жылда қатысады екен. Былтыр аталған ұйым жаңа оқу жылы қарсаңында көпбалалы жанұядан шыққан 5 жеткіншекке көмектескен.

 

Култанов Байболат