МТРА жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов Петропавлдағы бірнеше құрылыс нысандарын аралады

Сергей Тимофеев, “Основание” ЖШС директоры:

– Біздің серіктестік бұған дейін облыс орталығында үй мен бір жатақхана тұрғызды. Ал мына үйді тұрғызуға 600 млн теңгеге жақын қаржы бөлініп отыр. Таңғы 9 бен кешкі 18:00-дің аралығында жұмыс қызу.

Құрылыс алаңын аралаған халық қалаулысы ендігі шатыры жабылып жатқан 55 пәтерлік үйге бас сұқты. Ол құрылыстың сапасына көз жүгіртіп, жұмыстың барысымен танысты. Әр істің сапалы орындалуын тапсырды.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Терезе жақтауларының маңында қуыстар қалып кетіп жатады. Суық болмас үшін осыны жақсылап қадағалап, бітеу керек. Төбе мен еденді де жөндеп тегістеп, одан кейін ғана тиісті материалдарды жаю керек. Жылдам аяқтаймыз деп сапа жағы ақсап қалмауы басты назарда болуы тиіс.

Мұндағы бір бөлмелі пәтердің аумағы 45 шаршы метрді құрайды. Бұл үш үйге де Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары қоныстанатын болады.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Мен жүрген мына 3 бөлмелі пәтердің аумағы 80 шаршы метрді құрайды. Биіктігі болса 2,86 метр. Айтарлықтай кең. Оған қоса екі бірдей болконы да бар.

Үй толық тұрғызылып, терезелі орнатылып біткен. Қазір шатыры жабылып жатыр. Бастысы осы, ішкі әрлеу жұмыстарына ауа-райы еш кедергісін келтіре алмайды. Сондықтан үйді уақытында тапсырамыз дейді, мердігерлер.

Дәурен Бірімжанов, “ПМК-5” ЖШС учаске басшысы:

– Құрылысты қаңтар айында бастадық. Қазір 80 адам еңбек етуде. Негізгі жұмыстары аяқталды. Ішін сырлау ақтау сынды әрлеу шараларын жүргізудеміз. Бірер күнде ауыр техникалар мен биік крандарды алып тастаймыз. Содан кейін барып тиісті мердігерлік абаттандыру жұмысына кіріседі.

Кейін мәжіліс депутаты Абай Тасболатов “Мұнаймаш” АҚ аралады. Одан соң дәл осы Береке ауданындағы Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында тапсырылған жатақханаға барып тұрғындардың тыныс тіршілімен де таныспақшы.

 

Акбопе Танирберген