Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Петропавлда ретро әндер кеші өтті

Қала тұрғыны Бауыржан Әлібеков мұнда әр демалыс сайын келеді екен. Ол қатарластарыммен би билеп, жастық шағымды еске аламын дейді.

Бауыржан Әлібеков – қала тұрғыны:

– Қаланың қариялары концертке келіп, би билеп, көңілдерін көтеруде. Облыс және қала әкіміне өте ризамыз. Өнер мен спорт өңірімізде дами берсін.

Жергілікті өнерпаз ұл-қыздар сахнаға шығып, 80-ші жылдардағы хит болған әндерді орындауда. Әсіресе, облыстық филармонияның солистері Бақыт Ілиясов, Әділхан Кәрімов, Нұржан Асылхан пен Айгерім Қуанышевалар жиналғандардың зор қошеметіне бөленді.

Айта кетейік, қаламызда ретро кештер мамыр айының 13-інен бастап өткізілуде. Содан бері Жеңіс және Мәдениет және демалыс саябағында жұма, сенбі, жексенбі күндері тұрғындар сахна алдына жиналып, би билейді, өнерпаздарға қосылып ән айтады.

Асиик Галия:

– Біз мұнда көңіл көтеріп, ән салуға келеміз. Ешқандай фитнес клубқа бармасақ та осында жиналамыз. Би билеп, уақытты жақсы өткіземіз.

Вадим Хабибулин:

– Апта сайын концертке келіп тұрамын. Маған өте ұнайды, би билегенді жақсы көремін. Осындай ретро алаңды ашқан облыс әкіміне алғысым шексіз.

Петропавлда ретро кештер қазан айына дейін ұйымдастырылмақ.

 

Айсулу Сергали