МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Мәңгілік ел”ұлттық идеясы аясында пікірлесу алаңы өтті

Ақмарал Жәмитова – ҚР ҰҰ Әскери институтының доценті:

– Қазақтың тарихын, бабалардың ерлігін білсе, ғана олардың арасында сабақтастық болады. Сол сабақтастықты танытуда қазақ тілі, қазақстан тарихы, қазақ әдебиетінің маңызы зор. Қазақстан тарихын оқи отырып, курсанттарды көркем әдебиетке баулу үшін Қазақстан тарихы арқылы тарихи оқиғалар туралы көркем шығармаларға баулып келеміз. Біздің Ұлттық Ұланның курсанттары жеке құраммен жұмыс істегендіктен олардың сөздік қоры өте бай болуы керек.

Сондай-ақ, жиын барысында “Мәңгілік ел” ұлттық идеясы арқылы болашақ маман тұлғасына зияткерлік құндылықтарды қалыптастыру, қазіргі білім беру жүйесінде осы идеяны жүзеге асырудағы тәрбие танымының маңызы да талқыланды.

Күлзайра Нұртаева – “Өрлеу” БАҰО АҚФ”СҚО ПҚ БАИ” бөлімінің басшысы:

– Біздің мекеменің сайтында арнайы блог-алаңы ашылған. Мұнда педагог-ұстаздар “Мәңгілік ел “ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында орындаған түрлі жұмыстарын енгізе алады. Мысалы,әр түрлі пікірлер, мақалалар, фотосуреттер және тағы басқа еңбектерін орналастыруға болады.

Онлайн режимінде өткен жиынға Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Қостанай облыстарынан келген оқытушылар да қатысты.

 

Тогжан Акмагамбетова