Спорт

Еліміздің тәртіп сақшылары президенттік көпсайыста сынға түсті

Антон Федяев – СҚО әкімінің орынбасары:

– Чемпионаттың өтуі мен «Динамо» қозғалысының өзі шымыр, мықты, жұмысқа төзімді кадрларды анықтауға септеседі. Қоғамдық тыныштықты күзететін жандар спортқа бейім, жылдам болуы тиіс. Сондықтан, олардың қиын жағдайда тез әрекет ету және қару – жарақты қолданудағы даярлығы үнемі тексеріліп отыруы қажет. Сол себепті, осындай жарыстардың өтуі өте маңызды.

5 спорт түрі: жүгіру, ұзындыққа секіру, граната лақтыру, тапаншадан ату. Айта кету керек, соңғысында теріскейлік полицейлер бірінші орыннан көрінді.

Интершум: стрельба если двд принесли

Тағы чемпионаттың бағдарламасында 50 және 100 метрге жүзу бар.

Қапез Дәулетбаев – СҚО ІІД басқарма бастығы:

– Жарыстар 4 жас дәрежесі бойынша өтуде. Ол 30-35 және 40-45 жастағылар арасында. Жеңімпаздар медаль, грамоталармен марапатталады. Айта кету керек, өткен жылы солтүстікқазақстандық құрама бірінші орынан көрінген болатын.

Жарыстардың салтанатты ашылу рәсімінен кейін жиылғандар «Динамо» стадионына барды. Өткен жылы мұнда ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Үнемі осында жаттығу жұмыстарын өткізетін тәртіп сақшыларына мұнда жақсы жағдай жасалған. Оны “Динамо” қозғалысының белсендісі, 2012 жылғы олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров айтты.

Александр Винокуров- велоспорттан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы:

– Стадионға келіп, полицейлердің жаттығу жасауы үшін барлық жағдлайлардың жасалғандығын көріп отырмын. Жуынатын кабиналар орнатылыпты. Залдар жаңартылып, жүгіретін жолдар қалыпқа келтірілген. Әйтеуір, спортпен айналысамын деген ниет болса болғаны. Жалпы полицейлерге өзін жақсы қалыпта ұстаған маңызды.

Айта кеу керек, стадионды жаңғыртуға 68 млн теңге жұмсалыпты.

 

Магжан Ахмадина