МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Азаматтық бақылау» жобасы

Нұрлан Жахин:

– ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы- Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, сонымен қатар олардың белсенділігін арттыру мақсатында осы «Азаматтық бақылау» жобасы енгізілді. Бұл азаматтық қоғаммен қарым-қатынас жасаудың жаңа формасы болып табылады.

Жиында “Қазақстан студенттер Альянсының” мүшесі Гаухар Туебаева аталмыш жоба аясында “Таза сессия” акциясын жиірек ұйымдастыруды ұсынды. Яғни, нәзік жанды қаламыздағы оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстарды мықтап қолға алу керек дейді. Белсенді студенттің бастамасы жасотандықтардың тарапынан қолдау тапты.

Мұса Танақұлов – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– “Азаматтық бақылау” жобасы аясында “Таза сессия” акциясын өткізетін боламыз. Шара барысында жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлық туралы жасырын түрде сауалнама жүргізілмек. Бұны біз алдағы қазан айында ұйымдастырмақпыз.

Айта кетейік, “Азаматтық бақылау” жоба аясында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға тұрғындар тек жазбаша түрде ғана емес, әлеуметтік желі, сондай-ақ “skype” арқылы кеңес алып немесе ұсыныстарын білдіре алады. Жоба ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейді.

 

Айсулу Сергали