МТРА жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов азаматтарды қабылдады

Серік Тұрғынов – қала тұрғыны:

– Үйім шіріп бітті. Барлық жерге арыз жаздым. Жауап жоқ.

Серік Тұрғыновты мұқият тыңдаған Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов бұл мәселені шешуге міндетті түрде септесетіндігін жеткізді.

Абай Тасболатов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Сіз менің атыма арыз жазыңыз. Бұл мәселені міндетті түрде шешеміз. Ол оңай шаруа.

Мәжіліс депутатына келесі болып Балжан Усбанов жолықты. Ол үшінші топтағы мүгедек екен. Бір емес бірнеше операциядан жасатқан, қазір денсаулығым жақсы дейді. Бұрындары алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беріпті. Енді жұмысқа орналаса алмай жүр.

Балжан Усбанов:

– Университетте әскери кафедраға орналасуға болатын секілді. Өткенде түйіндемені апарып тастағанмын. Кейін хабарласамыз деді.

Балжан Усбановқа депутат Абай Тасболатов дүйсенбі күні №40 орта мектепке келуін айтты. Сол жерде білім ошағының директорымен сөйлесіп, бос орын болса міндетті түрде жұмысқа тұруға септесетінін жеткізді. Бұл күні жалпы Мәжіліс депутаты Абай Тасболатовтың қабылдауына 7 солтүстікқазақстандық келді. Барлығы да өз сұрақтарына тұшымды жауап алды.

 

Риат Шони