МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Нұр Отанның” бастауыш партиялық ұйымдары арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс басталды

Кеңес Мұқышев – «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бүгін осы жерде үлкен бір іс-шара бастау алып отыр. Сіздерді осы жарыспен құттықтаймын! Құрметті жарысқа қатысушылар жеңіс,сәттілік тілеймін!

Мына залда жасыл жейде киген “Қызылжар су” серіктестігі мен сұр киім киінген “Есіл су” кәсіпорнының командалары волейболдан өзара күш сынасуда. Бірінші ойын басталып кетті. Сұр киімдегілер өте ширақ қимылдап, өздерінің шеберліктерін көрсетуде. Міне, олар 2 ойын бойы қарсыластарына жойқын соққылар соғып, 2-0 есебімен “Қызылжар су” құрамасын жеңіп кетті.

Наталья Ковалева – «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының қызметкері:

– Мен ойынды жақсы өтті деп есептеймін. Өйткені, біз жеңіске жеттік. Алдағы уақытта да өзге құрамаларды озып кетемеміз деп ойлаймын.

Дүбірлі додада 100-ден астам адам қатысуда. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Тогжан Акмагамбетова