МТРА жаңалықтары

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастар арасында ашық дебат турнирін ұйымдастырды

Ашық дебат турниріне 12 құрама қатысты. Петропавл және Көкшетау қалаларынан жиналған жастардың пікірталасы “Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы және экология төңірегінде өрбіді. Олардың білім көкжиегі мен шешендігін Астанадан келген судьялар бағалады.

Мақсат Уатбаев – дебат турнирінің бас судьясы, Астана қаласы:

– Жастар Елбасы қабылдаған маңызды жобалардың маңыздылығын білуі тиіс. Біз оны осындай дебат турнирлері арқылы жеткізуге тырысамыз.

Мақсат Уатбаевтың ойынша, жастар отандық заңдармен шектеліп қалмай, өз құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай білуі тиіс. Қазір Франция атом электр станциясын ашуды көздеп отыр екен. Оған қарсылық танытқандар БҰҰ-на питиция беруге құқылы екен.

Дебат турнирінде өз ұстанымын білдіруге келген Ерназар Уктаев Қазақстан жастары Елбасының “Мәңгілік ел” идеясын насихаттап оны жүзеге асыруға белсенді атсалысуы керек дейді.

Ерназар Уктаев – дебатшы, Көкшетау қаласы:

– Көкшетаудан бір топ дебатшылар келді. Олардың арасында орыс, армян, татар, неміс ұлтының өкілдері бар. Біз бір-бірімізбен доспыз. Елбасы Н. Назарбаевтың “Мәңгілік ел” концепциясында бір бағыты қоғамда келісім мен бейбітшілікті сақтауға бағытталған. Менің ойымша, оның стратегиялық және саяси мән, маңызы бар. Біз әлі де жас мемлекет болып есептелеміз. Сондықтан ұлтаралық татулықты болашақта ту етіп ұстау біздің парызымыз.

Жүлделі орын алған командалар ҚХА-ның кубогін иеленді. Және үздік спикер мен үздік судьяға бағалы сыйлықтар табысталды.

Берік Қасен