МТРА жаңалықтары

Қызылжар аудандық қоғамдық кеңесінің 6-шы отырысында мемлекетік бағдарламалардың орындалуы қарастырылды

Аталмыш бағдарламаның сәтті жүзеге асуының арқасында жұмыссыздық көрсеткіші қалыпты деңгейде сақталуда. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар нысандар жаңадан бой көтеріп, бірқатары күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Ботакөз Оразбаева – Қызылжар аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы:

–  Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы” бойынша “Ақбота” бөбекжай бақшасының ғимараты мен қасындағы көкөніс қоймасы күрделі жөндеуден өтуде. Осы кезеңде бағдарлама бойынша 8 адам уақытша жұмысқа орналасты. Шаховское орта мектебі де жаңғыртылып, 9 адам маусымдық жұмысқа алынды.

Бұдан өзге мемлекеттік бағдарлама аясында Бескөл ауылында жаңа жатақхана бой түзеуде. Биыл желтоқсан айында қолданысқа тапсырылатын нысандағы 18 бөлмеге “Жастар тәжірибесі” бағдарламасының қатысушылары ғана үміт арта алады. Аудандық кеңес мүшелері бұл шешіммен келіспейтіндіктерін айтып, жатақханадан орын беру жағын тағы қарастыратын болды. Сондай-ақ, “Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы”-ның аясында жұмыссыз жүргендер мен әлеуметтік аз қамтылғандарға шағын несие беру қарастырылған. Алайда аудан орталығынан алыс орналасқан тұрғындар мемлекеттік бағдарлама аясында арзан несиеге қол жеткізе алмай келеді. Өйткені 2-ші деңгейлі банктер шалғайдағы жылжымайтын мүліктерді тым арзанға бағалайды екен. Бұл мәселені кеңес мүшелері назарға алды.

Жиын барысында “Агробизнес” бағдарламасының орындалу барысы да пысықталды. Жыл басынан бері Қызылжар ауданында “Сыбаға” бағдарламасы небары 29 пайызға ғана орындалыпты.

Сәуле Тугубаева – Қызылжар ауданыдық ауыл шаруашылығы бөілімінің мал шаруашылығы сеторының меңгерушісі:


– Биыл жоспар бойынша аудан фермерлері 854 бас мүйізді ірі қара мал басын сатып алу керек. Соның 341-і “Сыбаға” бағдарламасы бойынша. Қазіргі таңда бағдарлама 29,3 пайызға орындалды.”Құлан” бағдарламасы бойынша 165 бас жылқы сатып алынып, жоспар артығымен орындалды.

Ал “Алтын асық” бағдарламасы бойынша ауданда 200 бас қойға өтініш мақұлданыпты. Тағы 250 басқа өтініш қарастырылу үстінде. Сондай-ақ, аудан фермерлері жыл соңына дейін “Ырыс” бағдарламасы аясында 100 бас сиыр сатып алмақшы. Ол да қарастырылп жатыр екен.

Берік Қасен