Спорт

Петропавлда спорт алаңдары көбеюде

Солардың бірі – Азат Шәймерденов. Түрлі трюктарды меңгерген жігіт бұл спорт түріне 2 жылдан бері әуес. Облыс орталығында ашылған воркаут алаңына енді достарыммен жиылып, үзбей жаттығатын боламын дейді ол.

Азат Шәймерденов, әуесқой воркаутшы:

 

– Бұрын біз көшедегі кез-келген белтемірге тартылып, жаттығып жүрдік. Енді жігіттермен жиылып осында келеміз. Спорт түрі қаламызда енді дамып келе жатыр. Қызығушылығымыз жоғары. Ғаламтордан түрлі бейнетаспаларды қарап алып, қайталаймыз, үйренеміз.

Белтемір, қоссырық, темір бағаналар. Кешенде воркаутшылар үшін барлық қажеттіліктер орнатылған. Спортшының денесін жарақаттап алмауы үшін алаңға арнайы құм да төселіпті. Айту керек, бұл үшін жергілікті қазынадан 1 млн теңге бөлінген.

Есілбай Омаров – гимнастикадан БЖСМ директоры:

 

– Мен қала әкімінің есеп беруіне барып қала жастарының атынан бізге осындай алаң керек екенін жеткіздім. Бір айдың ішінде салып берді.

Бүгінде қаламызда бұқаралық спорттың дамуына көп көңіл бөлінуде. Биылдың өзінде облыс орталығында 3 бірдей шағын-футбол алаңы пайдалануға берілді. Тағы біреуі Бөкетов көшесіндегі 77-дің үйдің ауласында салынбақ.

Акбопе Танирберген